Футбольный клуб «Шахтёр» — Официальный сайт

Ардагерлер


  1. Михаил Попов (1938 ж.т.) – қақпашы, «Шахтердің» құрамында 1961-62 жылдары ойнап, 4 ойынға қатысқан.
  2. Геннадий Григорьевич Костюченко (1938 ж.т.) – КСРО спорт шебері, шабуылшы. «Шахтердің» құрамында 1961-1964 жылдары ойнаған. Команданың 1961-1962 жылдардағы үздік сұрмергені. «Кеншілер» командасының жаттықтырушысы және басшысы болды. «Шахтердің» құрамында 68 ойынға қатысып, 32 гол соққан.
  3. Станислав Иванович Глухов – «Шахтердің» негізгі құрамында ойнаған жоқ. «Динамо» ҚФК-ның (Қарағанды) құрамында өнер көрсетті. Хоккей және футбол төрешісі.
  4. Лев Иванович Лисицкий (1938 ж.т.) – КСРО спорт шебері, қорғаушы, 1965 жылы «Шахтердің» құрамында ойнап, 17 ойынға қатысқан.
  5. Анатолий Иванович Тюрин (1944 ж.т.) – шабуылшы, «Шахтердің» құрамында 1962-1964, 1968-1969 жылдары ойнаған. «Кеншілер» командасында 60 ойынға қатысып, 14 гол соқты.
  6. Серікбек РахметұлыЫсқақов (1947 ж.т.) – шабуылшы, «Шахтердің» құрамында 1965-1968, 1971-1976 жылдары ойнап, «кеншілер» сапында 201 ойынға қатысып, 32 гол соққан. Команда басшысы, жаттықтырушысы болды.
  7. Асқар Зүбайділдаұлы Әбілдаев (1971 ж.т.) – шабуылшы, «Шахтердің» құрамында 1988-1991, 1995-1997 жылдары ойнап, 134 ойынға қатысып, 35 гол соққан.
  8. Руслан Маратұлы Иманқұлов (1972 ж.т.) - шабуылшы, «Шахтердің» құрамында 1990, 1992-2005 жылдары ойнап, 365 ойынға қатысып, 98 гол соқты. Қарағандылық команданың Қазақстан чемпионаттарындағы үздік сұрмергені.
  9. Серік Сәрсенбайұлы Бердалин (1947 ж.т.) - шабуылшы, қорғаушы, «Шахтердің» құрамында 1966, 1973-1975 жылдары ойнаған. 93 ойынға қатысып, 3 гол соқты. «Шахтердің» бас жаттықтырушысы және команда басшысы болып қызмет істеді. Оның басшылығымен «кеншілер» командасы 1995 жылы Қазақстан чемпионатының қола медальдарын тұңғыш рет жеңіп алды.
  10. Виктор Сухоруков – «Шахтердің» құрамында шеберлер командасы құрылғанға дейін ойнаған.
  11. Сергей Афанасьевич Стрельцов – «Шахтердің» құрамында шеберлер командасы құрылғанға дейін ойнаған.
  12. Иван ВладимировичБлат – «Шахтердің» құрамында ойнамаған. Футболдан төреші және инспектор болды. Саран қаласының Балалар мен жасөспірімдерге арналған олимпиадалық ізбасарлар мектебінің директоры.
  13. Вячеслав Денисов – «Шахтердің» құрамында ойнамаған, балалар жаттықтырушысы.
  14. Николай Степанович Бублинский – «Шахтердің» құрамында ойнамаған, футболдан төреші болды.
  15. Алексей Викторович Бобров (1975 ж.т.) – «Шахтердің» құрамында 1994-2002 жылдары ойнады, 113 ойынға қатысып, 6 гол соқты. Футболдан төреші.
  16. Петр Мәуленұлы Асылбаев (1954 ж.т.) – КСРО спорт шебері, қорғаушы. «Шахтердің» құрамында 1972-1982, 1985 жылдары ойнаған. «Кеншілер» құрамында 325 ойынға қатысып, 1 гол соқты. Команданың жаттықтырушысы, аға жаттықтырушысы, «Шахтер» футбол клубы директорының орынбасары қызметтерін атқарған.
  17. Александр Мәуленұлы Асылбаев (1957 ж.т.) – қорғаушы, «Шахтердің» құрамында 1975-1976 жылдары ойнап, 13 ойынға қатысқан. Балалар жаттықтырушысы.
  18. Камал ҚапсәметұлыӘбеуп – «Шахтердің» негізгі құрамында ойнаған жоқ.
  19. Болат Ғалиев (1940 ж.т.) – «Шахтердің» құрамында 1959 жылы ойнаған. 8 ойынға қатысып, 1 гол соқты.
  20. Зағидолла Ғадиятұлы Мұқаев (1949 ж.т.) – жартылай қорғаушы, «Шахтердің» құрамында 1975-1976 жылдары ойнаған: 67 ойынға қатысып, 4 гол соқты. Команданың жаттықтырушысы болған.
  21. Фарид Рафизович Садриев (1959 ж.т.) – жартылай қорғаушы, «Шахтердің» құрамында 1983, 1985-1988 жылдары ойнаған: 115 ойынға қатысып, 8 гол соқты. Балалар жаттықтырушысы.
  22. Александр Георгиевич Нестеров (1959 ж.т.) - шабуылшы, «Шахтердің» құрамында 1985-1989, 1992-1993 жылдары ойнаған: 157 ойынға қатысып, 66 гол соқты. «Шахтердің» жаттықтырушысы.
  23. Александр Першин (1962 ж.т.) – жартылай қорғаушы, «Шахтердің» құрамында 1980-1981, 1986-1989, 1990 жылдары ойнаған: 193 ойынға қатысып, 20 гол соқты.
  24. Сергей Александрович Мищенко (1961 ж.т.) - қорғаушы, «Шахтердің» құрамында 1980-1981, 1983-1999 жылдары ойнаған: 552 ойынға қатысып, 2 гол соқты. «Шахтердің» құрамынан ел чемпионатында ең көп ойнаған ойыншы. «Кеншілер» командасында жаттықтырушы болып, бас жаттықтырушының міндетін атқарған. «Шахтердің» қосалқы құрамының жаттықтырушысы.
  25. Сергей Сергеевич Дубков (1961 ж.т.) – жартылай қорғаушы, «Шахтердің» құрамында 1988-1989 жылдары ойнаған: 61 ойынға қатысып, 6 гол соқты. «Шахтердің» қосалқы құрамының жаттықтырушысы.
  26. Владимир Сушков (1938 ж.т.) – қақпашы, «Шахтердің» құрамында 1959 жылы ойнап, 6 матчқа қатысқан. Балалар жаттықтырушысы.
  27. Владимир Кравченко (1968 ж.т.) – шабуылшы, «Шахтердің» құрамында 1985, 1990-1993, 1996-1997 жылдары ойнаған: 179 ойынға қатысып, 39 гол соқты. «Тұлпар-2» шағын футбол командасының жаттықтырушысы болып қызмет істейді.
  28. Төлеген Төлеубаев – «Шахтердің» құрамында ойнаған жоқ. Футболдан төреші болды.
  29. Николай Хоботов – шабуылшы, «Шахтердің» құрамында 1980 жылы ойнады: 30 ойынға қатысып, 3 гол соқты.
  30. Игорь Хоботов – қорғаушы, «Шахтердің» құрамында 1990, 1992-1996 жылдары ойнаған: 135 ойынға қатысып, 2 гол соқты.
  31. Олег Кемалов – «Шахтер» футбол клубының балалар жаттықтырушысы. Ардагерлер арасындағы футболдан Қазақстанның екі дүркін чемпионы. 

БАҚ жаңалықтары

Барлық жаңалықтар

Дауыс беру

Әзірге ең көп дауыс жинаған:
Айдос Таттыбаев

Кто лучший игрок в матче "Тобол"-"Шахтер"?

Дауыс берулер мұрағаты

Сұрмергендер

  Ойыншы Гол+Пас  

Клубтың демеушiлерi


Акимат Карагандинской области

Акционерное общество "Самрук-Казына"