Футбольный клуб «Шахтёр» — Официальный сайт

Клубтың стадионы

Стадион

1947 жылы Қарағандыда «Динамо» стадионы жұмысын бастаған еді, ол қазіргі кездегі стадионға мүлдем ұқсамайтын, ол қоршалған жер телімі еді. 1958 жылы оның орнына қазіргі «Шахтер» стадионы салынып, ашылды, оның алып отырған алаң көлемі 2,6 га болған, сол жылы «Шахтер» командасы «Б» классында ойнады. 1958 жылдың 12 тамыздан бастап «Шахтер» стадионының тарихы басталады, бұл күні «Шахтер» командасы Кореядан «Чан-Чуня» командасын қарсы алып, ойын 1-1 есебімен аяқталды, трибуналар 10 000 адам сиғызды. 60-жылдары алғаш рет стадион қайта құрудан өтті, орындар саны 28 000 болды, жасанды жарықтар орнатылып, жаңадан футбол алаңы салынды (104-62)
60 жылдарда  стадионның алғашқы қайта жаңартуы өтті, көрермендер орны 28 мыңға жетті, жасанды жарық орнатылды, қайтадан жаңа футбол алаңы салынды (104-65м). Ол уақытта стадионда жұмыс істегені: қосымша футбол алаңы, сегіз жүгіру жолдары, бокспен, ауыр атлетикамен, семсерлесумен айналысу үшін спорттық залдар. 3000 орындық мінбелерімен ашық хоккей корты салынды. Стадионда футбол, жеңіл атлетика, конькиді мәнерлі тебу, конькимен жүгіру спорты, шайбамен хоккей, семсерлесу, бокс бойынша БЖСМ жұмыс істеді. 

Қарағандылықтар үшін есте қалардай болған 1965 ж. жазында өткен «Шахтер» командасы  "Торпедо – Москва" командаларымен кездескен футболдық матч болды, стадионның 28000 сыйымдылығында 35000 билет сатылды.

Көп жылдар бойы стадионда  «А» класында «Шахтер» командасының футбол бойынша КСРО Чемпионатының ойындары өткізілді және бірінші лигасында "Зенит – Ленинград", "Локомотив – Москва", "Черноморец – Одесса", "Днепр – Днепропетровск" сияқты атақты командалар қатысты.
60-70 жылдары «Шахтер» стадионында Польша, Мексика, Лаос, Корея командаларының қатысуымен футбол бойынша Халықаралық матчтар өткізілді.
1967-1972 жылдары хоккей кортында «Строитель» командасымен «А» класында КСРО мен Қазақстан Чемпионатының хоккей матчтары өткізілді.
1974-1977 жылдары«Шахтер» стадионының қосымша алаңында «Литейщик» командасының қатысуымен доппен хоккей бойынша КСРО Чемпионатының жоғарғы лига ойындары өткізілді.Жүйелі түрдежеңіл атлетика бойынша Қазақстан біріншілігі, бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру мерекелері мен Қарағанды көмір бассейнінің еңбекшілер спартакиадасы өткізілді.

Бір рет емес, бірнеше рет спорт әлемі алтын медальдармен «Шахтер» стадионының тәрбиеленушілерін марапаттаған. Айласы мен ерлігін, шеберлігін көрсетіп, чемпион дәрежесін даулап ең жоғарғы рангтағы жарыстарға қатысқан. Олардың ішінде ауыр атлеттер, Мәскеудегі Олимпиадалық ойындар чемпионы, КСРО чемпионы И.Панаидов, Мәскеудегі Олимпиадалық ойындар чемпионы С.Муравьев, әлем рекордсмені В.Герасимова.
«Шахтер» стадионында қырықтан астам халықаралық класының спорт шеберлері, үш жүзге жуық спорт шеберлері дайындалған. Әр түрлі жылда «Шахтер» стадионы ұжымына Г. Бедрицкий, В. Бурлаков, В. Бунчак, В. Вовк, В.Сонин басшылық етті.
2001 жылы «Шахтер» стадионында кең көлемдегі қайта құру өткізілді. Стадионды қайта құруда облыстың 65 ұйымы қатысты. Қайта құру барысында әлемдік талаптарға жауап беретін ең жаңа «ноу-хау» қолданылды. "Motomatic AG" Швейцария фирмасымен табиғи футбол көгал алаңы жайылды, мінбелердің түпкі қайта құруы жүргізілді, қазіргі заманғы жүгіру жолдары төселді. Мінбелер астына спорттық залдардың толық қаласы орналастырылды. 2001 жылдан «Шахтер» стадионының директоры болып Н.Е.Сухорукова қызмет етеді.

1958 жылдан стадион көлемі 14 га өсті, себебі стадион тұрақты түрде кеңейтілді. Жаңа спорттық ғимарраттар мен алаңдармен толықтырылды.
2004 жылы пайдалануға 2006 жылдың маусымына дейін «Қазақмыс» хоккей командасының базасы болған «Жастар» қазіргі заманғы көп функционалды спорт кешені енгізілді, 2006 жылдың шілдесінен «Шахтер» футбол командасының базасы болды.
2006 жылы «Шахтер» стадионы УЕФА лицензиясын алды, бұл дегеніміз стадион барлық стандарттарға сәйкес екендігін айтады. «Шахтер» стадионында тұрақты түрде халықаралық және республикалық көлемдегі жарыстар өткізіледі.
«Шахтер» стадионының құрметті қонақтары Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, «Бөбек» республикалық қорының президенті Назарбаева Сара Алпысқызы, Қазақстан Республикасының Премьер-министрлері Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов пен Даниал Кенжетайұлы Ахметов, ҚР бірінші космонавты Тохтар Оңғарбайұлы Әубәкіров болды.

Қарағандылықтар алдында шығып Нұрсұлтан Әбішұлы қайта құрудан кейінгі «Шахтер» стадионының үлкен мүмкіндіктерін бағалап спорт пен дене шынықтыруда жаңа табыс тіледі. Халықты салауатты өмір салтына бекіту үшін оларды толық пайдалану – дәл осыған «Шахтер» КМҚК ұжымы ұмтылуда.


Қазақстан Республикасы 
Қарағанды қаласы
Қазақстан көшесі, 1; 1000019

Тел: +7 (7212) 411113
Факс: +7 (7212) 411800

Электронды поштаның мекен-жайы:  stadion@shahter.kz

«Шахтер» орталық стадионының ресми сайты: http://stadion.kz

БАҚ жаңалықтары

Барлық жаңалықтар

Дауыс беру

Әзірге ең көп дауыс жинаған:
Айдос Таттыбаев

Кто лучший игрок в матче "Тобол"-"Шахтер"?

Дауыс берулер мұрағаты

Сұрмергендер

  Ойыншы Гол+Пас  

Клубтың демеушiлерi


Акимат Карагандинской области

Акционерное общество "Самрук-Казына"