Футбольный клуб «Шахтёр» — Официальный сайт

Клубтың жетістіктері


КСРО чемпионаты мен Кубогы сынында

«Б» класындағы аймақтық турнирінде жеңді (1962);
Өтпелі матчтар қосындысы бойынша «А» класында ойнау құқығына ие болды және кеңес футболының жоғары эшелонына жолдама алды (1962);
«А» класты аймақтық турнирде жеңді (1967);
Кеңес футболының екінші лигасындағы аймақтық турнирде жеңді (1982 және 1983);
КСРО Кубогында «Шахтер» командасы «Зенит» (Ленинград), «Арарат» (Ереван), «Динамо» (Минск), «Торпедо» (Мәскеу) сынды клубтарды ұтты;

Ең ірі жеңісі:
1983 — 8:1 (СКИФ, Алматы);

КСРО Кубогының 19 жарысына қатысты:
48 матчта — 22 жеңіс, 4 тең ойын және 22 жеңіліс;
Доп айырмашылығы: 50 — 62;
1963, 1965, 1969, 1972, 1973 — үздік жетістігі: 1/8 финалға шықты;
Ең ірі жеңісі:
1963 — 3:0 («Зенит», Ленинград)
1965 — 3:0 («Авангард», Харьков).

КСРО құрама командасы сапында Қарағанды футбол мектебінің түлегі Сергей Стукашов өнер көрсетті (6 матч, 2 гол).
КСРО жастар құрамасында Виктор Абгольц, Владимир Асылбаев, Анатолий Зарапин ойнады.
КСРО жасөспірімдер құрамасында Пётр Асылбаев, Сергей Стукашов, Эдуард Сон және Иван Попов табысты өнер көрсетті.

Қазақстан чемпионаты мен Кубогы сынында
1992–2015 жылдар — Қазақстан Республикасының 24 чемпионатына қатысты:
24 маусымның бәрінде «Шахтер» эдиталық дивизионда өнер көрсетті;
Қазақстан чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды (1995, 2007, 2009 жылдар);
Қазақстан Кубогының финалында өнер көрсетті (2009, 2010 жылдар);

Қазақстан чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алды (2011, 2012);

Қазақстан Кубогы (2013);

Қазақстан Суперкубогы (2013);


2011 жылы Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында жеңімпаз болды.

Ең ірі жеңісі:
1992 — 9:2 (ЦСКА, Алматы).
Команданың бүкіл тарихында ең үздік сұрмерген болған Николай Игембердиев: шабуылшы КСРО чемпионаттарында 182 гол соқты. 1982 жылғы маусымда ол қарсыластар қақпасына 33 доп салды.
Қарағанды командасының Қазақстан чемпионаттарындағы үздік сұрмергені Руслан Иманқұлов (98 доп). Андрей Финонченко 2003 жылы 18 голамен чемпионаттың үздік сұрмергені атанды.

БАҚ жаңалықтары

Барлық жаңалықтар

Дауыс беру

Әзірге ең көп дауыс жинаған:
Айдос Таттыбаев

Кто лучший игрок в матче "Тобол"-"Шахтер"?

Дауыс берулер мұрағаты

Сұрмергендер

  Ойыншы Гол+Пас  

Клубтың демеушiлерi


Акимат Карагандинской области

Акционерное общество "Самрук-Казына"