Футбольный клуб «Шахтёр» — Официальный сайт

Клубтың тарихы

Қарағанды қаласында көмір өнеркәсібінің дамуына байланысты алғашқы футбол командалары пайда болды. Қарағандылық «Шахтер» шеберлер командасы ретінде өзінің ресми тарихын 1958 жылдан бастады, алайда кеншілердің футбол ұжымы әлдеқайда ерте құрылған. 

1957 жылы Қарағандыда өткен Қазақстан біріншілігі финалының қорытындысында кеншілер командасы жүлделі үшінші орынға табан тіреді. Осы жеңістін басты себепшісі де кеншілердің бас жаттықтырушысы Василий Гилев болған.

Одақ чемпионатының «Б» тобында ойнайтын командалар өз тұсаукесер ойынын 1958 жылдың 17 сәуірінде өткізді. Кеншілер өз алаңында Челябинскінің «Локомативін» қабылдады. Бірақ тәжірибелі қарсыласымыз жалғыс доп соғып, жіліктің майлы басын өздеріне қарай аударып әкетті. Жеңіс үшінші ойынға келді. Екінші кездесуде Уфаның «Девонымен» тең түскен қарағандылықтар алғашқы қоржыға түскен ұпайға жігерленіп, Магнитогорскінің «Металлург» қақпасына екі гол соға алды. Ал, бұған қарсыластар бір доппен ғана жауап қайтарды. Сырт алаңдағы бірінші ойын Березникидің «Химигімен» өткені мәлім. Осы тартыста жерлестеріміз үлкен жеңісті тойлады, матч 6:2, есебімен өз мәресіне жетті. Осы алты доптың төртеуін Виниамин Чуваков соққан. Осы жерде сәл алға озып, маусым қортындысында Чуваковтың 16 доп енгізіп, команданың бас мергені атағына ие болды. «Шахтердің» тәжирибесінің жетіспеушілігіне байланысты қорытынды есепте кеншілер командасы 13 орынға жайғасты.  «Шахтер» 1958 жылы Бүкілодақтық аренада тұңғыш рет өнер көрсеткен кезде оның құрамындағы алғашқы қарлығаштар қақпашы Геннадий Денисов, команда капитаны Андрей Гумиров, сондай-ақ, Вениамин Чуваков, Павел Казаков, Виталий Дьяков, Аскольд Рогачев, Виктор Селиванов және басқа да көптеген футболшылар болды. Бұлардың бәрі көптеген қарағандылықтардың кумиріне айналды: жұрт оларды көшеде танитын, сол кездегі он мың адам ғана сиятын стадионның жасыл алаңындағы оларға құдайындай табынушы еді. Футболшылардың алаң үстіндегі іс-қимылын әрбір ойыннан кейін жанкүйерлер ұзақ уақыт талқылайтын.

1958 жылы 6 тамызда «кеншілер» Қарағандыда алғашқы халықаралық кездесу өткізіп, Қытай Халық Республикасының футболшыларымен 1:1 есебімен тең түскен.

Қарағандылық футболшыларға алғашқы табыс 1961 жылы келді: «Шахтер» «Қайраттың» бұрынғы жартылай қорғаушысы Владимир Котляровтың жетекшілігімен «Б» класындағы аймақтық турнирде 16 команданың ішінде мәреге екінші болып жетті; ал келесі маусымда «А» класында ойнау құқығына ие болды. Одессада Гомельдің «Локомотивімен» болған өтпелі матчта соғылған жалғыз «алтын» голдың авторы болып 18 жастағы Виктор Абгольц атанды. Сол кезде қараша айының қара суығында кешке қарай жүздеген жанкүйерлер Қарағанды әуежайына ұшақпен жеткен «Шахтерді» қарсы алды. Траптың түбінде үрлемелі оркестр ойнап тұрды, құшақтар гүлге толып, құттықтаулар қарша жауды. Жанкүйер қауымның жүрегі сүйікті командасына деген мақтанышқа толы болатын. Сол маусымда команданың арқа сүйер ойыншылары Гелий Шершевский, Владислав Горбов, Владимир Десятчиков, Николай Сергеев, Вениамин Чуваков, Геннадий Костюченко және т.б. болды. Ал «Шахтердің" «А» класындағы өнері жанкүйерге қаншама қуанышты да қайталанбас минуттар сыйлады десеңізші?! Деңгейі жоғары турнирдегі алғашқы жылдың өзінде «кеншілер» мынандай белгілі клубтарды тізе бүктірді: «Шинник» (Ярославль) — 3:0, «Черноморец» (Одесса)- 2:1, «Даугава» (Рига) — 2:1, «Жальгирис» (Вильнюс) — 3:1; ал кубок сынында Ленинградтың «Зенитін» 3:0 есебімен жеңіп, келесі матчта ғана қақпасын Лев Яшин қорғаған мәскеулік «Динамодан» 1:2 болып ұтылып қалды.

 

Алпысыншы жылдары біздің командадағы Виктор Корольков, Олег Игнатьев, Евгений Юркевич, Виктор Абгольц, Владимир Асылбаев, Вадим Храповицкий, Валерий Павлов, Юрий Мелкумов сынды шебер футболшылар жанкүйерледің сүйіктісі болды.

Команда тарихындағы айтулы оқиғаның бірі ретінде Қарағандыға 1965 жылы ел чемпионы мәскеулік «Торпедоның" КСРО Кубогы сынының 1/16 финалдық ойынына келуін айтуға болады. Сол кезде «Шахтер» стадионында көрермен саны бойынша рекорд жасалды: «кеншілер» 1:0 есебімен жеңген бұл матчты 35 мың жанкүйер тамашалаған болатын.

Екі маусым өткеннен кейін біздің футболшылар күміс медальға қол жеткізіп, жоғары топқа өту мүмкіндігіне қолы сәл жетпей қалды. Сексенінші жылдары «Шахтер» бұрынғы капитан, спорт шебері Серік Әшірбековтің жетекшілігімен екінші лигадағы аймақтық турнирдің жеңімпазы атанды. Бұл жылдары «Шахтердің" стадионы аузы-мұрнынан шыға толып отыратын: жұртты турнир кестесіндегі жоғары орын мен матч соңында өткізілетін лоторея билеттері емес, кестелі ойын, дегбірді алған дода, соңына дейін не боларын біліп болмайтын тартыс қызықтыратын.

«Шахтердің" қазіргі құрамында да талантты ойыншылар жеткілікті. Соның бірі 2003 жылғы чемпионаттың ең ұздік сұрмергені болған шабуылшы Андрей Финонченко. Өткенге оралар болсақ, команда тарихының ең жарқын беттерін келімсек жұлдыздар емес, Қарағанды футболының түлектері жазды. Әр жылдары «Қайраттың" құрамында қарағандылықтар Виктор Абгольц, Владимир Асылбаев, Сергей Ледовских, Юрий Гриджан табысты өнер көрсетті. Ал Мәскеудің «Торпедо» және Днепропетровскінің «Днепр» командаларының сапында Анатолий Зарапин және қазіргі уақытта Фрнацияда тұратын Эдуард Сон КСРО чемпиондары атанды. Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының финалдық турниріне Сергей Стукашов пен Игорь Солощенко қатысты. КСРО және Қазақстан чемпионаттарында ең көп ойын өткізген Сергей Мищенко — 628 (!). Сексенінші жылдары екінші лигада 182 гол соққан Николай Игамбердиев те ғаламат табысқа қол жеткізді.

Соңғы жылдары «Шахтер» Қарағанды футбол мектебінің түлектеріне үлкен сенім артады. Осы саясат өзінің жемісін беріп те жатыр. Қазақстан чемпионаттары мен Кубок жолындағы жарыстарда «Шахтер» сәтті өнер көрсете бастады. 2007 жылы олар ел біріншілігінің қола жүлдесін жеңіп алса, араға бір маусым салып, осы табысын қайталады. 1995 жылғы жетістікті қосқанда «кеншілер» Қазақстанның үш дүркін қола жүлдегері атанды. 2010 жылғы маусым «Шахтер» үшін онша сәтті болмады. Команда сол кездегі жаңа жүйе (6+6) бойынша өткен чемпионат қорытындысында еліміздің ең мықты алты ұжымының ең соңында қалып қойды. Сондай-ақ, қарағандылықтар 2009–2010 жылдары қатарынан екі рет Қазақстан Кубогы жолындағы жарыстың финалында өнер көрсетті.

 

2011 жылғы маусым «Шахтер» командасы үшін аса табысты жыл болды. Бас бапкер, ресейлік маман Виктор Кумыков команда сапына шеберлігі жоғары, тәжірибелері мол, аса сенімді ойыншыларды жинап, «Шахтерді» тұңғыш рет Қазақстанның чемпионы деген мәртебелі атаққа жеткізді. Бұл тарихи жеңістің Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келуі-де оның маңызын тіпті арттыра түседі. «Шахтер» чемпион болған 2011 жылғы маусымда мына футболшылар өнер көрсетті: қақпашылар Александр Григоренко, Александр Мокин, қорғаушылар, Евгений Тарасов, Алдин Джидич, Никола Василевич, Қайрат Отабаев, Игорь Солошенко, Андрей Порываев, Арсен Тюленев, Асхат Борантаев, жартылай қорғаушылар Ильнур Мангуткин, Жамбыл Көкеев, Мақсат Байжанов, Вадим Боровский, Гедиминас Вичюс, Григорий Дубков, Вячеслав Эрбес, Қанат Әлиев, шабуылшылар Андрей Финонченко (кап.), Ахат Жолшорин, Сергей Хижниченко, Серік Досманбетов, Миланко Рашкович. Чемпионат қызған кезде аталған футболшылардың кейбірін қорғаушылар Александр Киров, Иван Шевченко, жартылай қорғаушылар Ұлан Қонысбаев, Душан Петрионевич, шабуылшылар Виорел Фрунза, Тоқтар Жанғылышбай алмастырды. Бұл маусымда «Шахтердің» қосалқы құрамы да тамаша өнер көрсетіп, Ұлттық Футбол Лигасының кубогын жеңіп алды.

Сонымен қатар, «Шахтер» 2011 жылғы маусымда УЕФА Еуропа Лигасының іріктеу сынында сәтті өнер көрсетті. «Кеншілер» алғашқы ойында Словенияның «Копер» командасын екі матч қорытындысында (1:1, 2:1) жеңіп, өзінің тарихында тұңғыш рет жарыстың келесі кезеңіне жолдама алды. Бұл ойындарда біздің жақтан голдарды Жамбыл Көкеев пен Ұлан Қонысбаев (2) соқты. Екінші раундта біздің команда Ирландияның «Сент-Патрикс» командасымен күш сынасып, бірінші ойында 2:1 (бізден екі голды да босниялық легионер Василевич соқты) есебімен жеңсе, сырт алаңдағы тартысты өткен қарымта матчта 0:2 есебімен жеңілістің ащы дәмін татты.

2012 жылы шілде­нің 17 күні  кеншілер командасы Чехияға  барып «Слован» командасымен ойнағанын көзі қа­рақты  жанкүйерлер біледі. Осы  алғаш­қы кездесуде  жерлес­те­ріміз 1:0 есебімен ұтылып қайтқан болатын. Ал 24 күні қарымта ойында Қарағандылық клуб бірінші минуттан-ақ шабуылға көшті, жеңіс ауадай қажет еді. Өкінішке  орай қонақтар болмайтын  жерден доп соғып жіберді. Есеп  1:1. Бірінші  ойында «Шахтер» ұтылғандықтан УЕФА чемпиондар лигасының келесі  кезеңіне  шыға  алмады.  Қазақстан чемпионатында кеншілер топ жарып, екі дүркін чемпион атанды.


 

2013 жыл «кеншілер» үшін жақсы басталды. Суперкубокты сарапқа салған «Шахтер» мен «Астана» командалары Қазақстандағы жаңа футбол маусымын ашты. Еліміздің бас қаласында өткен бәсеке тартысқа толы болып, жеңімпаз қосымша уақытта анықталды. Еліміз біріншілігінде соңғы екі жылда қатарынан чемпион атанған Қарағандының «Шахтері» бұл жолы Суперкубокты еншіледі.

2013 жылдың футбол маусымы тек Қазақстан футболының 100-жылдық мерейтойы ғана емес, сонымен қатар «Шахтер» футбол клубының 55 жылдық мерейтойы. «Шахтердің» УЕФА Еуропа Лигасының топтық кезеңіне өтуі және алғаш рет Қазақстан Кубогының иегері атануы ерекше мақтанышпен айтарлық жетістіктердің бірі.

 

БАҚ жаңалықтары

Барлық жаңалықтар

Дауыс беру

Сұрмергендер

  Ойыншы Гол  
1 Милан Стоянович 10
2 Айдос Таттыбаев 4
3 Марко СТАНОЕВИЧ 4
4 Михаил ГАБЫШЕВ 2
5 Юлиус СЗОКЕ 2
6 Марат ШАХМЕТОВ 2
7 Штэфан ЗОШАК 2

Клубтың демеушiлерi


Акимат Карагандинской области